Бүгін, 27 шілдеде қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Юлия Путинцева 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиадада алғашқы кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Теннис турнирінің кездесулері Астана уақытымен 15:00-де басталады.

Бубликтің қарсыласы америкалық Тейлор Фритц болса, Путинцева украиналық Марта Костюкпен ойнайды.

Матчтардың тікелей трансляциясын телеарнасынан көруге болады.