Танымал қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол әлеуметтік желіде жаттығу видеосын жариялады:

«Келесі жекпе-жегімді асыға күтіп жүрмін!» - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев кейінгі жекпе-жегін 22 мамырда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өткізіп, украиналық Иван Редкачты (24-7-1, 19 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Осылайша ол бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental North Americas титулын қорғады.