Парижде жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар дәстүрлі форматтан айналып өтіп, ашылу салтанатын Сена өзенінің үстінде өткізуде, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа қатысушы елдер шеруі арнайы қайықтардың үстінде ұйымдастырылған. Қазақстан құрамасы Жапония, Иордания және Кения мемлекеттерімен бір қайықта жүзіп өтті.

Ашылу салтанатын тамашалауға келген қонақтар қатарында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин де бар. Ол еліміздің көк туын көтеріп, спортшыларды қолдауға арнайы келді.

Салтанатты рәсімде Қазақстан байрағын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шықты.

Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 25 түрінен 80 атлет қорғайды.

ФОТО: Сали Сабиров, Владислав Семенов