Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 27 шілдеде қазақстандықтар сегіз спорт түрінде сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы сайыс күнінде ел қоржнына медаль түсуі ықтимал. 2016 және 2020 жылдары Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова жарыс жолына шығады.

Велоспорттан Евгений Федоров жекелей жарыста өнер көрсетеді.

Теннисшілер Александр Бублик пен Юлия Путинцева алғашқы матчын өткізеді.

Ал бокс турнирінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы рингке шығады.

Сонымен қатар, бұл турнирде футбол, гандбол, баскетбол, волейбол және регби матчтары, жүзу, семсерлесу, есу слаломы мен скейтбординг жарыстары басталады.

27 шілде кестесі

Академиялық ескек есу12:00. Ерлер. ЖекелейВладислав Яковлев

Оқ ату12:00. 10 метрден пневматикалық винтовка. Іріктеу. МикстАрина Алтухова/Константин Малиновский, Александра Ле/Ислам Сатпаев

13:30. 10 метрден пневматикалық винтовка. Іріктеу. ЕрлерНикита Чирюкин

15:30. 10 метрден пневматикалық винтовка. Іріктеу. ӘйелдерИрина Юнусметова

Дзюдо13:00. Әйелдер, 48 кгӘбиба Әбужақынова13:00. Ерлер, 60 кгЕлдос Сметов19:00. Финалдар

Спорт гимнастикасы14:00. 18:30. 23:00. Іріктеу. ЕрлерМилад Карими, Нариман Құрбанов

ТеннисЕрлер. Бірінші айналым15:00. Александр Бублик – Тэйлор Фриц (АҚШ)

Әйелдер. Бірінші айналым15:00. Юлия Путинцева – Мата Костюк (Украина)

Велоспорт19:32. Жекелей жарыс. ЕрлерЕвгений Федоров

Үстел теннисіЖекелей сын. Бірінші айналым00:30. Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили)

БоксЕрлер, 63,5 кг. 1/16 финал00:52. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Ойер Ибаррече Конде (Испания)

Қайдан көруге болады:Qazsport 11:55-тен бастапQazaqstan 11:55-тен бастапХабар 13:20-дан бастапЕл Арна 14:00-ден бастап

* Қазақстан уақытымен