Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов жеребе тарту рәсіміне қатысты ойын бөлісіп, әрбір спортшы татамиде барын сала күресетінін айтты, деп жазады Olympic.kz.

«Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына тас-түйін дайын. Кеше жазғы Ойындардың жеребесі тартылды. Төртжылдықтың басты бәсекесінде осал спортшы болмайды. Жеребеге қарап, қарсыласты бөліп жармаймыз.

Дзюдошыларымыз намыс, абыройды бірінші орынға қойып, ешкімнің атағына қарамай күреседі. Бұл жарыста бәрінің мүмкіндігі бірдей.

Ертең күресетін спортшыларымыз бүгін жарыс алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысады. Бірінші болып татамиге Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова шығады. Біз спортшыларымызға әрдайым сенеміз және қолдаймыз»,- деді бас бапкер.