Мексикалық Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 КО) жақын арада әлемнің абсолютті чемпионы мәртебесінен және IBF титулынан ресми түрде айырылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ESPN өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

IBF президенті Дэрил Пиплс бұл ақпаратты жанама түрде растады: «Біз барлық мүдделі тараптарды хабардар еткеннен кейін ресми мәлімдеме шығады».

ESPN хабарлауынша, ресми түрде бұл шешім баяғыда қабылданған – егер Канело IBF міндетті қарсыласы кубалық Уильям Скуллмен жұдырықтаспаса, ол титулдан айырылады. Альварес WBA үміткері пуэрториколық Эдгар Берлангамен жұдырықтасуды ұйғарды – жекпе-жек 14 қыркүйекте T-Mobile аренасында (Лас-Вегас, АҚШ) өтеді.

Канело мен Берланга жекпе-жегінде WBA Super, WBC және WBO чемпиондық белбеулері бәске тігіледі.