Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Сент-Галлен» - «Тобыл» (4:1) матчының статистикасы УЕФА ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында швейцариялықтар соққы сапынан басымдылыққа ие болды – 19-7 (дәл бағытталғаны – 13-3). Сондай-ақ «Сент-Галлен» «Тобылды» бұрыштама санынан да жеңді - 10-2. Матч барысында екі команданың ойыншылары екі рет офсайдта қалды. Ойынның тәртіптік жағына келетін болсақ, ережені «Тобыл» ойыншылары 15 рет бұзды. Сондай-ақ қазақстандық клубтың ойыншылары бес сары қағаз алды; Сент-Галлен ойыншылары – бір рет қана төрешіден ескерту алды.

«Тобыл» мен «Сент-Галлен» арасындағы қарымта кездесу 1 тамызда Қостанайда өтеді.