Қазақстандық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы, Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена Рыбакина Париждегі Олимпиада турнирінен неліктен бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қымбатты қазақстандықтар! Париж Олимпиадасына қатыса алмайтынымды өкінішпен хабарлаймын.

Уимблдон турнирінен кейін жіті бронхитпен ауырдым. Жаттығуға оралуға әрекеттенсем де, менің ағзам толықтай қалпына келген жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма қатаң тыйым салды.

Париж Олимпиадасында біздің құрама үшін өнер көрсетіп, ел үмітін ақтай алмайтыным өте өкінішті. Токиода медальға қол созым жерде болдым. Парижде Қазақстан үшін алтын алуға мұқият дайындалдым. Өкінішке қарай, ауру бұл жоспардың орындалуына мүмкіндік бермеді.

Барлық қазақстандық спортшыларға Парижде сәттілік пен табыс тілеймін. Мен біздің барлық атлеттерімізге жанкүйер боламын, олардың Олимпиадада ел намысын абыроймен қорғайтынына сенемін. Алға, Қазақстан!», — деп Рыбакинаның сөзін келтіреді Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.