Жұма күні, 26 шілдеде Парижде (Франция) XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тікелей эфир Астана уақытымен 22:30-да басталып, Қазақстан бойынша Qazaqstan, Qazsport және Хабар телеарналарында көруге болады.

Ашылу салтанатына 120-ға жуық мемлекет басшылары, монархтар, үкімет басшылары, сондай-ақ 300 мыңнан астам көрермен қатысады деп күтілуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 45 мыңға жуық полиция қызметкері, оның ішінде арнайы жасақ қала көшелеріне шығады.