Бордо футбол клубы кәсіпқой клуб мәртебесінен бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін клубтың үшінші лигада бақ сынауға келіскені белгілі болды.

Алайда, бүгін, L'Equipe басылымының хабарлауынша, басшылық коммерциялық сотта тыңдауды күтпей-ақ, кәсіпқой мәртебесінен бас тартуға шешім қабылдады, онда клубтың таратылуы немесе бақылаудың ауысуы туралы жарияланады деп күтілген. Барлық клубтық келісімшарттар жойылып, Бордо жаттығу орталығы жабылады.

Өз тарихында «Бордо» алты рет Франция чемпионы болды, төрт рет ел кубогын және үш рет суперкубокты жеңіп алды.

2023/24 маусымында Бордо Лига 2-де 12-орынға ие болды.