Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Тампередегі жұптық сынында жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түрік спортшысы Эрги Киркинмен бірге қазақстандық ширек финалда Томас Джон Фанкутт (Австралия)/Иоханнес Ингилдсен (Дания) дуэтінен жеңіліп қалды.

Кездесу 4:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 10 минутқа созылды.