«Тобыл» УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық команда швейцариялық «Санкт-Галлен» клубымен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіліп қалды.

Матч есебін «Тобыл» ашты. 28-минутта Альберт Валчи допты өз қақпасына соғып алды.

Бірақ 35-минутта алаң иелері Михайло Стевановичтің голынан кейін есепті теңестіріп кетті. Төрт минуттан соң Чадраг Аколо «Санкт-Галленді» алға шығарды.

Ал 77-минутта Бастиан Тома швейцариялық клубтың үшінші голын салды. Матчтың соңғы секундтарында Валчи бұрыштамадан кейін матч нүктесін қойды.

Еске салайық, қарымта матч 1 тамызда Қостанайда қарымта матч өткізеді. «Тобыл» келесі кезеңге өту үшін төрт гол айырмашылығымен жеңу керек.

УЕФА Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезең

«Тобыл» (Қазақстан) - «Санкт-Галлен» (Швецария) 4:1 (2:1)

Голдар: Вальчи 28 (автогол), Стеванович 35, Аколо 39, Тома 77, Валчи 90+7

Төреші: Роберт Харви (Ирландия)