«Астана» УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық команда Молдаваданың «Милсами» клубымен кездесті.

Матч 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 57-минутында Назми Грипши соққан голдан кейін «Астана» есеп ашты.

Бірақ матч соңына қарай алаң иелері таразы басын теңестіріп кетті. 90-минутта Дэнни Кой Лупано бұрыштамадан гол соқты.

Еске салайық, қарымта матч 1 тамызда Алматыда өтеді.

УЕФА Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезең

«Астана» (Қазақстан) - «Милсами» (Молдава) 1:1 (0:0)

Голдар: Грипши 57, Лупано 90

Төреші: Попов (Болгария)