Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Тампередегі турнирдің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы екінші айналымда румыниялық Габи Бойтаннан 6:3, 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 48 минутқа созылды.

Келесі айналымда Бойтан А.Дугаз (Тунис) - Г.Онклин (Бельгия) матчының жеңімпазымен ойнайды.