Бүгін Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындарының алғашқы әлемдік рекорды орнады. Бұл жайында Олимпиада ойындарының ресми сайтында хабарланды.

Бұл садақ атудан іріктеу жарысы кезінде болды.

Рейтингтік раундта оңтүстіккореялық спортшы Лим Си-хен 72 атудан 694 ұпай жинап, бұған дейінгі әлемдік рекордтан асып түсті.

Бұған дейін рекорд оның отандасына тиесілі болатын. 2019 жылы Кан Че Ён 72 атудан 692 ұпай жинады.