24 шілдеде ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының бірінші жарыс күні жанжалға толы болды. Аргентина мен Марокко арасындағы футбол ойыны 106-минутта оңтүстік американдықтар гол соққаннан кейін стадиондағы тәртіпсіздіктерге байланысты екі сағатқа тоқтатылды.
Командалар арасындағы жекпе-жек олимпиадалық футбол турнирінің топтық кезеңінің бірінші туры аясында өтті.
Овертаймның 16-минутында аргентиналықтар Кристиан Мединаның голының арқасында есепті 2:2 есебімен теңестірді. Алайда, төреші бұзушылықты байқап, VAR жүйесін қарауға шешім қабылдады. Артынша жанкүйерлер тарапынан тәртіпсіздіктер орын алды.
Осыған байланысты, ойын араға екі сағат салып қана – 1:2 есебімен жалғасты. Төреші аргентиналықтардың екінші голын есептемей қойған. Осылайша, құрама жеңіліс тапты.
- Бұл өмірімде көрген ең үлкен цирк, - деді Аргентина құрамасының бас бапкері Хавьер Маскерано.
Комментарии