Ресейлік ММА файтері Ринат Фахретдинов келесі жекпе-жегін күзде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік 26 қазанға жоспарланған UFC 308 турнирінде өнер көрсетеді.

Инсайдер Марсель Дорфтың айтуынша, Фахретдиновтың қарсыласы Өзбекстан файтері Нурсултон Рузибоев болады.

Фахретдиновтың рекорды 22-1-1 және кейінгі жекпе-жегінде Николас Долбиді төрешілер шешімімен жеңді. Рузибоев спорттық мансабында 34 жеңіске жетіп, 9 рет жеңіліске ұшыраған. Мамыр айында Сент-Луистегі турнирде Хоакин Баклиден жеңіліп қалды.