Өзбекстандық «Насаф» 26 жастағы грузиндік жартылай қорғаушысы Темур Чогадзенің кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Чогадзе қарағандылық клубта ойнауымен танымал. «Шахтерде» 42 матч өткізіп, 10 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

«Насаф» тараптардың келісімі бойынша грузиндік жартылай қорғаушымен келісімшартты бұзды. Жартылай қорғаушы өзбек клубына маусым басталмай тұрып келген. Ол барлық турнирлерде 15 кездесу өткізіп, нәтиже бермеді.