Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы жергілікті теннисші Майя Хвалинскаға қарсы ойнап, екі сетте 4:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.

Ойын 1/8 финалдық кезеңде өтті.