Танымал қазақстандық теннисші Зарина Дияс Варшавада өтіп жатқан WTA 125 сериясы турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финал кезеңінде қазақстандық қыз поляк спортшысы Майя Чвалинскамен кездесті.

Матч 4-6, 0-6 есебімен Диястың қарсыласының пайдасына аяқталды.