2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындары аясында өтетін аралас жұптық бәсекеге Қазақстанның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бублик өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай-ақ ресейлік танымал теннисшілер Даниил Медведев пен Мирра Андреева бақ сынайды.

АҚШ намысынТейлор Фритц пен Кори Гауфф , Германия намысын Александр Зверев пен Лаура Зигемунд қорғайды.

Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталып, 11 тамызда аяқталады.