Екінші орта салмақтағы бұрынғы танымал ресейлік және аустралиялық боксшы Виктор Оганов WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы өтпей қалған жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Денсаулыққа күтім керек, бір жерің ауыра бастаса, ойлану қажет. Жас кезіңде ішпей-жемей, жаттығу арқылы аз уақыттың ішінде 10 кг және одан да көп салмақ тастауға болатыны анық. Бірақ жасы ұлғайған сайын ағза мұндай жүктемелерге шыдай алмайды. Тіпті Костя Цзю, есіңізде болса, Рики Хаттоннан жеңіліп қалды, себебі ол оны физикалық тұрғыда оны басып жіберді. Кезінде мен де мансабымда үлкен қателік жібердім, өйткені мен көп салмақ қуатынмын және ешқашан допинг қолданбадым. Менде бұлшық ет құрылымы болды, ол оттегіге мұқтаж болды, мен ұзақ уақыт бойы салмақ қосуым керек болды. Бапкерлерім бұл туралы маған айтқан жоқ. Спаррингте соққы жасағанда, менің соққыма тіпті ауыр спортшылар да таңғалатын. Әлімханұлына келсек, ол Михайловичтен үлкен болса, рингтегі жылдамдығы басқаша болады. Кім кішірек болса, ол әрқашан жылдамырақ болады, мен Зунигадан осы себепті жеңіліп қалдым, бірақ мен оны алғашқы раундтарда өлтіріп қоя жаздадым. Бірақ кейін мен шаршап, ол маған сонша соққы жаудырды, содан кейін мен құладым», - деді боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақтағы екі әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекке дайындық барысында қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып қалып, оның командасы жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.