Хоккейден 2024 жылғы Қазақстан Президенті кубогының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халықаралық турнир 14-18 тамыз аралығында елордада өтеді. Турнирге қатысушылар қатарына «Барыстан» басқа ресейлік «Амур» (Хабаровск), «Лада» (Тольятти) командалары бар. Сондай-ақ оған алдағы олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңіне дайындалатын Қазақстан құрамасы қатысады.

Жарысқа қатысушылар алдымен айналмалы жүйеде шеберлік байқасады. Содан кейін қорытынды орындарды анықтау үшін шешуші ойындар болады.

Ойын кестесі

14 тамыз (сәрсенбі)15:00. «Лада» - Қазақстан құрамасы19:30. «Барыс» - «Амур»

15 тамыз (бейсенбі)15:00. «Амур» - «Лада»19:30. Қазақстан құрамасы – «Барыс»

17 тамыз (сенбі)13:00. Қазақстан құрамасы – «Амур»17:00. «Барыс» - «Лада»

18 тамыз (жексенбі)13:00. 3-орын үшін ойын17:00. Финал

Еске салайық, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан кубогының өтетін мерзімі мен орны белгілі болды.