Өзбекстан құрамасы Париждегі Испанияға қарсы матчпен Олимпиададағы жолын бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 24 шілде күні Астана уақытымен сағат 18:00-де Париждегі «Парк де Принс» стадионында өтеді. Ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетеді, ал трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді болады.

Ұлттық құрамалар сапында 23 жасқа дейінгі (2001 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған) ойыншылар өнер көрсетеді. Осы жастан асқан үш ойыншыны ғана құрама өз қатарына қоса алады.

Испаниядан кейін «С» тобында Өзбекстан 27 шілдеде (20:00) Египетпен ойнаса, үшінші кездесуін 30 шілдеде (18:00) Доминикан Республикасымен өткізеді.