«Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Дифферданж 03» (Люксембург) - «Ордабасы» - 1:0 арасындағы бірінші ойыннан кейін жанкүйерлерді команданы қолдауға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Бүгінгі ойын біз үшін нашар нәтижемен аяқталды. Осымен бәрі бітті деп ойламаңыздар. Келесі аптада 1 тамыз күні қарымта ойын бар, бізге сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет», - деді Исламхан клубтың баспасөз қызметіне.

Қоса кетейік, «Ордабасы» келесі кезеңге өтсе, қай командамен кездесетіні анықталды.