Бұрынғы швейцариялық теннисші, «Үлкен дулыға» турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы Роджер Федерерді ESPN 21 ғасырдың үздік теннисшісі деп таныды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Серб Новак Джокович екінші, испаниялық Рафаэль Надаль үшінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, жас жұлдыз Карлос Алькарас (Испания, 22 жас) 6-шы орында. Ол Пит Сампрас, Энди Роддик және Ллейтон Хьюитт сияқты атақты спортшыларды басып озды.