Бокстан супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес 14 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында шаршы алаңға оралады. Рингте жеңілмеген пуэрто-риколық Эдгар Берлангамен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жекпе-жек Мексиканың Тәуелсіздік күніне орай өтеді.

34 жастағы Сауль Альварес рингке соңғы рет осы жылдың мамыр айында шығып, бұған дейін жеңіліп көрмеген отандасы Хайме Мунгияны ұтқан болатын.