Осы демалыс күндері Манчестерде UFC 304 турнирі өтеді. Жартылай орта салмақтағы чемпион Леон Эдвардс пен атаққа үміткер, рейтингте екінші орында тұрған палестина-америкалық Белал Мұхаммед негізгі жекпе-жекте кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі жаңа қолданушыларға «PROSPORTS» промокоды бойынша алғашқы үш депозитке 250 000 теңгеге дейін көбейтілген бонус дайындап қойды.

UFC 304-тің екінші маңызды шайқасында UFC ауыр салмақтағы уақытша титулы үшін жекпе-жекте ағылшын Том Аспиналл 4-ші рейтингтегі америкалық үміткер Кертис Блейдеспен кездеседі.

Қазақстан уақыты бойынша турнир 28 шілдеде таңғы 3:15-те басталып, негізгі кард таңғы 7:00-ге жоспарланған.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесінің мәліметінше, бұл жекпе-жектің фавориті Леон Эдвардс. Чемпионның жеңіске жету мүмкіндігі 1.50 коэффициентке бағаланған, ал палестиналық файтердің жеңіске жету мүмкіндігі 2.72 коэффициент. Тең нәтижеге 50.00 коэффициент.

Эдвардс үшін бұл үшінші қорғанысы болмақ. Бұған дейін ағылшын файтері нигериялық Камару Усман мен америкалық Колби Ковингтонды жеңген болатын. Ал 2022 жылдың тамыз айында сол кездегі чемпион Камару Усманды жекпе-жектің соңғы минутында нокаутқа түсіріп, титулды жеңіп алды.

Бұл атаққа келесі үміткер осы дивизион рейтингінде үшінші орында тұрған қазақстандық Шавкат Рахмонов болуы мүмкін. Қазақстандық ММА жұлдызы мен оның командасы осы жекпе-жектің жеңімпазын қарсылас ретінде күтетінін айтты.

Ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.