Британиялық теннисші Энди Маррей спорттағы мансабын Париждегі Олимпиададан кейін аяқтайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы 37 жастағы спортшы әлеуметтік желіде мәлімдеді.

«Парижге соңғы турнирім үшін келдім. Ұлыбритания командасы сапында өнер көрсеткенімді мақтан тұтамын », - деп жазды Маррей.

Энди Маррей жекелей сында екі дүркін Олимпиада чемпионы, сондай-ақ ол екі рет Уимблдонды және бір рет US Open турнирін жеңіп алған.