Ақтөбелік «Рахмет» футзал клубы Қазақстан чемпионатының 2024/25 жылғы маусымына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы futsalkazakhstan инстаграм парақшасы хабарлады.

«futsalkazakhstan-ға белгілі болғандай, „Рахмет“ клубы 2024/25 жылғы маусымға қатысатынын растаған жоқ.

Қазақстан футзал қауымдастығы клубтардан 15 шілдеге дейін келесі Суперлигаға қатысуға жазбаша өтініш жіберуді талап етті. «Рахмет» мұны істеген жоқ, олар 99% алдағы маусымға қатыспайды.

Клуб әуесқой лигадан кәсіпқой лигаға жол тартып, Қазақстан кубогының күміс жүлдегері атанған», - деп жазды ресурс.