Биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарында жаңа дисциплина – брейкинг болады. Оған Қытай спортшылары да қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір қызығы, бұл спорт түріндегі Қытай өкілі Лю Циньи өзінің аты мен фамилиясын қытай тіліндегі цифрлық әріптесіне ауыстырған. Енді ол медаль алса, таблода әріптер емес, 671 саны жанады - қытайлық әйелдің жаңа есімі дәл осылай естіледі.

671-дің медаль алу мүмкіндігі өте жоғары. Өйткені ол 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, 2023 жылғы Азия ойындарында жеңіске жеткен.