Словениялық велошабандоз Тадей Погачар 2024 жылғы «Тур де Франс-2024» жарысында жеңіске жеткеннен кейін шаршағандықтан Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Словения Олимпиада құрамасының баспасөз қызметі хабарлады.

Погачар словениялық олимпиадашылардың бастапқы тізімімнен алынды. Оның орнына командаға Домен Новак келеді.

Бұған дейін Погачар «Тур де Франс» басты іріктеуінде жеңіске жеткен. Бұл оның 2020 және 2021 жылдардағы жетістіктерінен кейінгі көпкүндік веложарыстағы үшінші жеңісі. Тадей топтық жарыста Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған.