Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов команданың Париж Олимпиадасына келуі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше Парижге жетіп, Олимпиада ауылына орналастық. Әуежайдан елшілік қызметкерлері күтіп алып, осы жерге дейін алып келуге көмектесті. Елшілік қызметкерлеріне үлкен рақмет айтамыз. Біздік Олимпиада комитеті мен Туризм және спорт министрлігі жағынан барлық жағдай жасалған. Бөлмелері жақсы, орналасып, қалашықты көріп және бүгіннен бастап жаттығуға кірістік. Ұлттық құраманың спортшылары қазір жаттығу жасап жатыр. 25 шілде күні жеребе, содан кейін кімнің қай күні өнер көрсететіні белгілі болады», - деді бапкер.

Еске салайық, Олимпиадада бокстан жарыстар 27 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Фото: Olympic.kz