Қазақстандық қақпашы Руслан Кәкенов «Адмиралмен» бақылау келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін қақпашы «Барыстарда» қаралымнан өткен болатын.

Өткен маусымда 19 жастағы хоккейші «Ястреб» сапында Қазақстан жастар лигасының тұрақты чемпионатында 34 кездесу өткізген еді.