«Қайрат» футбол клубы ресейлік 28 жастағы қорғаушымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт 2025 жылғы маусымының соңына дейін жасалды.

Позициясы: орталық қорғаушыБойы: 191 смСалмағы: 83 келі

Егор санкт-петербургтік СДЮСШОР-1 түлегі. Ресейде кәсіби деңгейде «Тосно», «Рубин», «Нефтехимик» пен «Краснодар» командаларында өнер көрсетті. Соңғы командасымен РПЛ-дың қола жүлдегері атанды.

2016 жылғы маусымды Сорокин «Ақтөбе» командасында өткізді. Қорғаушының соңғы клубы «Елімай» болды. Ол 2024 жылғы наурызда қосылды. Семей командасында барлық турнирде 12 матч өткізді.

Сондай-ақ Ресей құрамасында 1 матч өнер көрсеткен.