Дзюдодан Қазақстан құрамасы Францияда Олимпиада алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Қазіргі таңда дзюдошылар Францияның Мез қаласында арнайы бағдарлама бойынша Олимпиадаға дайындықтарын пысықтауда.

Отандық дзюдошылар арасынан алғаш болып Абиба Әбужақынова (48 келі) мен Елдос Сметов (60 келі) татамиге шығады.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасының 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жазғы ойындарға Қазақстан сапынан спорттың 25 түрінен 80 атлет қатысады.