Қостанайда бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс нәтижесінде жас қазақ боксшылары жеті алтын медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, Халит Бекетов (48 келі), Алмас Нұрлан (54 келі), Ерхан Оңталапов (57 келі), Бекжан Тілебалды (71 келі), Арыстан Нұрмағамбет (75 келі), Ілияс Жандау (80 келі) және Аслан Елдібайұлы (92 келі) жеңімпаз атанды.