Стенд атудан Қазақстан командасы АҚШ-та өткен Гран-при турнирі мен Perazzi Cup додасында алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Біздің спортшылар еншісінде екі алтын, екі күміс және екі қола медаль бар.

Богдан Конченко жасөспірімдер арасындағы Perazzi Cup турнирінде екінші, Анастасия Прилепина үшінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Конченко Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

А санатындағы сында Асылхан Айсалбаев алтын алса, В санатында Анастасия Прлепина күміске иелік етті.

Сондай-ақ, Наргиза Сарманова қола медаль иеленген.