Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" клубының шабуылшысы Карим Бензема 2024 жылы "Алтын доптың" иегері кім болатыны туралы пікірін бөлісті.

36 жастағы Карим Бензема "Реал Мадрид" клубының футболшысы Винисиус Жуниорды "Алтын доптың" биылғы иегері болуға әбден лайықты деп санайды.

– Винисиус осындай керемет маусымнан кейін "Алтын допты" алуға лайық. Сондай-ақ ол биыл ғана, өткен жылы да жақсы өнер көрсетті. Ол мінсіз футболшы, - деді Бензема.