Қазақстандық Александр Шевченко Умагта (Хорватия) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші турнирдің бірінші айналымында венгриялық Фабиан Марожаннан 4:6, 6:4, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 2 сағат 20 минутқа созылды.

Марожан екінші айналымда Т.Махач (Чехия) - Т.Монтейро (Бразилия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.