Сүлейманияда (Ирак) үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

19 жасқа дейінгі категорияда қазақстандық Сарвиноз Миркадирова алтын жүлде жеңіп алды.

Ол Фатима Мусаны (Ирак) 3:0, Йекта Адибианиді (Иран) 3:2, Заара Тахерді (Ирак) 3:0, Атена Захирифарды (Иран) 3:0, жартылай финалда Элина Рахимиді (Иран) 3:1 есебімен ұтты.

Финалдық кездесуде Миркадирова Таниша Котечадан (Үндістан) 3:1 есебімен мықты болды.