20 шілдеде Мәскеуде үлкен бокс кеші өтіп, оның басты жекпе-жегінде атақты ММА спортшылары Владимир Минеев пен Магомед Исмаилов кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек бокс ережесі бойынша өтті және әрқайсысы үш минуттан сегіз раундқа есептелді.

Жекпе-жек бүкіл қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен Минеевтің пайдасына аяқталды (77-72, 78-70, 79-70).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін спортшылар ММА ережесі бойынша өзара екі жекпе-жек өткізген болатын. Біреуі тең аяқталса, екіншісі Минеевтің жеңісімен аяқталды.