Natus Vincere командасы Сауд Арабиясында 2024 жылы Esports World Cup турнирінде финалда G2 командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионаттың екінші жартылай финалында Алексей Алексиб Виролайнен шәкірттері MOUZ командасымен кездесіп, 2:1 (Dust2 – 1:13, Nuke – 13:8 және Мираж – 13:5) есебімен жеңіске жетті.

Финалдық кездесу 21 шілде күні сағат 23:00-ге жоспарланған.

Esports World Cup 2024 CS2 esports чемпионаты 17-21 шілде аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Командалар бір миллион долларды құрайтын жүлдеге таласуда.