Бүгін Қазақстанда футболдан жаңа турнир - QFL лига кубогының 4 матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесулердің тікелей трансляциясын Qfl.kz, Q Football және Q Arena сайттарынан көруге болады. (Астана уақыты көрсетілген).
«Ақжайық» - «Қызылжар» (17:00)
«Қайрат» - «Тараз» (18:00)
«Ақтөбе» - «Жеңіс» (20:00)
«Қайсар» - «Тобыл» (20:00)
Айта кетейік, турнирге 16 клуб қатысады, оның 13-і Премьер-Лиганың (ҚПЛ) намысын қорғайды, тағы үш команда бірінші лигадан келеді. Лигадағы өкілдік бойынша дәл осындай қатынас Қазақстан Кубогында болды, бірақ мұнда құрам біршама өзгертілді.
Комментарии