Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов әлі де болсын UFC-ге оралып, мансабын аяқтағысы келетінін айтты.

«Мақсат - UFC-ге оралу. Қазір менеджерім келіссөз жүргізіп жатыр. Сол жаққа барсам деймін. Егер мүмкіндік болса, келісімшартқа отырамын. Болмаса, мансабымды аяқтаймын. Соңғы жекпе-жектен кейін көп ұсыныс болды. Бірақ мен мансабымды UFC-де аяқтағым келеді», - деді файтер «Baza Podcast» YоuTube-арнасына берген сұхбатында.