Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кицбюэльде (Австрия) өтіп жатқан іріктеу турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеудің жартылай финалында қазақстандық теннисші аргентиналық Андреа Коллариден жеңіліп қалды - 6:3, 2:6, 1:6.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 59 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, негізгі кезеңнің жеребесі кейінірек тартылады.