Transfermarkt порталы трансферлер сомасы бойынша ең қымбат футболшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Екінші Тайм» сайтына сілтеме жасап.

Рейтингте саудиялық «Әл-Хиләлтің» бразилиялық жұлдызы Неймар тұр. «Барселона» мен «Пари Сен-Жерменнің» бұрынғы ойыншыны клубтар үлкен сомаға сатып алған. Жалпы трансферлерінің құны — 400 млн еуро.

Екінші орында бельгиялық Ромелу Лукаку тұр. Шабуылшы өз карьерасында бірнеше топ-команданы ауыстырған. Форвард үшін клубтар жалпы 339 миллион еуро жұмсаған.

«Әл-Насрда» доп тебетін 39 жастағы Криштиану Роналду — үшінші орында. «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» пен «Ювентустың» экс-жұлдызы үшін клубтар 247 миллион еуроға шығындалған.

Transfermarkt рейтингіне енген футболшылар: Усман Дембеле, Альваро Мората, Антуан Гризманн, Филиппе Коутиньо, Килиан Мбаппе, Анхель ди Мария және Златан Ибрагимович.

Айта кетейік. бұл тізімде аргентиналық Лионель Месси жоқ. Себебі «Барселона» мен ПСЖ-дан еркін агент ретінде кеткен.