Испания құрамасының қорғаушысы Марк Кукурелья Еуро-2024 жеңісіне орай шашын бояды. Ол Instagram желісінде жаңа суретін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Уәде етілген нәрсе - міндет», - деп футболшы қызыл шашпен бірқатар фотосуреттерін салды, жазылушылар Кукурельяның өзгеруін бағалап, оны аңыз деп атады.

Кукурелья Еуропа футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) нұсқасы бойынша Еуро-2024 символдық командасына енді. Ол шеткі сол жақтағы позицияны алды.

Еуропа чемпионаты Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтті. Финалда Испания құрамасы Англияны 2:1 есебімен ұтты. Команда үшін Еуродағы бұл жеңіс тарихтағы төртінші жеңіс болды.