Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Швецияның Бостад қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Тимофей Скатов (No223 ATP) португалиялық Нуно Боргестеннен (№51 ATP) 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 37 минутқа созылды.