«Астана» баскетбол клубының ойыншысы Дмитрий Гаврилов командадан кететін болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дмитрий «Астана» сапында 2016 жылдан бастап өнер көрсетіп, клубтың құрамында ұзақ өнер көрсеткен баскетболшы және «Астана» тарихындағы ең танымал ойыншылардың бірі болды. Дмитрий клуб құрамында жеті рет Қазақстан чемпионы атанды алты рет Қазақстан кубогын алды және бір рет Батыс Азия Суперлигасының (2023) және ФИБА Азия чемпиондары Кубогының(2017) қола жүлдегері атанды», — делінген клуб хабарламасында.